Жол ережесін әдейі бұзған жүргізуші ұсталды
Семейде 22 жастағы жүргізуші қоғамдық тәртіпті елемей, әлеуметтік желіде хайп жинау мақсатында бірнеше жол қозғалысы ережесін (ҚҚЕ) қасақана бұзды. Ол көлік тізгінінде отырып, түрлі құқық бұзушылық әрекеттерін видеоға түсіріп, TikTok желісіне жариялаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицияның мәліметінше, жүргізуші келесі ережелерді бұзған:
Барлық құқық бұзушылық бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Олардың бір бөлігі сотқа жолданады. Жүргізушінің көлік жүргізу құқығынан айырылуы және айыппұл төлеуі ықтимал.
Құқық қорғау органдары азаматтарға ескерту жасайды:
«Жол – хайп жинайтын орын емес! Мұндай әрекеттер тек жүргізушінің ғана емес, айналасындағы адамдардың да өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан, заң бұзғандар қатаң жазаланады», - делінген облыстық ПД хабарламасында.