Оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмысы әлі де жүргізіліп жатыр
Индонезияда 280 адам мінген жолаушылар паромында өрт шықты. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Xinhua басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
KM Barcelona 5 деп аталатын паромда өрт Индонезияның Солтүстік Сулавеси провинциясындағы Манадо қаласы жағалауында болған. Бұл туралы аймақтық іздестіру және құтқару басқармасының аға қызметкері хабарлады.
Қайғылы оқиға салдары: үш адам көз жұмды,
Ресми мәлімет бойынша, өрт салдарынан кемінде үш адам қаза тапқан, ал шамамен 150 жолаушы аман-есен құтқарылған. Оларды бірлескен құтқару жасақтары мен жергілікті балықшылардың қайықтары көмегімен судан алып шыққан.
«Үш адам қаза тапты, ал шамамен 150 адам сәтті құтқарылды. Құтқару жұмысына арнайы топтар мен жергілікті тұрғындар атсалысты», – деді ол Синьхуа агенттігіне.
Қазіргі таңда оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмысы әлі де жүргізіліп жатыр. Құтқарушылар қалған адамдарды табуға күш салып жатыр.