Тоқаев Вьетнамның Коммунистік партиясының бас хатшысына көңіл айтты

Автор: Мөлдір Қазыбай

Вьетнамда «Вифа» тайфуны салдарынан көптеген адам қаза тапты

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы орталық комитетінің бас хатшысы То Ламға көңіл айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамда болған «Вифа» тайфуны салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

«Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, Сізге және жақындарынан айырылған азаматтарға, сондай-ақ достас Вьетнам халқына көңіл айтамын. Табиғи апаттан жарақат алғандардың тез арада сауығып, аман-есен отбасыларына оралуына тілектестігімді білдіремін, – делінген жеделхатта.