Универсиада: Қазақстан қоржынына екі қола медаль түсті

Автор: Мөлдір Қазыбай

Жазғы Универсиада Германияның Рейн-Рур аймағында өтіп жатыр

Фото: rhineruhr2025.com

Германияның Рейн-Рур аймағында өтіп жатқан ХХХІІ Дүниежүзілік Жазғы Универсиадада екі қазақстандық спортшы қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан жүлдегер атанды

Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан таспамен жаттығуда үздік өнер көрсетіп, қола медаль жеңіп алды.

Дамир Шуленов таеквондодан ел мерейін асырды

Қазақстандық таеквондошы Дамир Шуленов те жарыс жолында табандылық танытып, таеквондо жарысында үшінші орынға ие болды. Осылайша, ел қоржынына тағы бір қола медаль түсті.

Қазақстан Универсиадаға 76 спортшымен аттанды

Айта кетейік, Жазғы Универсиада 16 шілдеде басталды және 27 шілдеге дейін жалғасады. Қазақстан намысын 12 спорт түрінен 76 спортшы қорғауда.