АҚШ президенті беделін түсірді деп газетті айыптап отыр
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп танымал Wall Street Journal басылымын сотқа беріп, 10 миллиард доллар көлемінде өтемақы талап етті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Іс WSJ газетінің Джеффри Эпштейнмен байланысты Трампты жанама түрде айыптаған мақаласынан кейін, небәрі бір күн ішінде Флоридадағы федералды сотқа тіркелген.
Трамптың сотқа ұсынған құжатында екі негізгі талап бар:
Әрбір талап бойынша Трамп 10 миллиард доллардан өндіріп алуды көздейді. Оның айтуынша, мақаланы жазғандар зиян келтіру ниетімен әрекет еткен, ал жарияланған хат – «жалған құжат».
Өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында Трамп Wall Street Journal-ды «қоқыс басылым» деп атап, басылымның қожайыны Руперт Мердокты, Dow Jones медиахолдингін және мақала авторларын ашық айыптады.
«Руперт Мердоктың менің ісім бойынша сотта куәлік беруін асыға күтемін. Бұл өте қызық тәжірибе болмақ», – деп жазды Трамп.
Джеффри Эпштейнге қатысты қылмыстық істерге Трамптың қатысы ресми түрде дәлелденбеген, дегенмен бұл тақырып АҚШ қоғамында қызу талқылануда. Жаңа сот ісі Трамптың атымен байланысты дау-дамайларды қайта күшейтіп отыр.
Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трампқа қатысты The Wall Street Journal (WSJ) жариялаған мақала Ақ үйдің ашық наразылығын тудырды. Басылымның мәліметінше, 2003 жылы Трамп атышулы қаржыгер әрі педофил Джеффри Эпштейнге 50 жылдық мерейтойына арналған хат жазған.
WSJ дерегінше, Трамп хатта маркермен әйелдің төсін және жыныс мүшесін бейнелеп, Эпштейнге: «Әр күнің жаңа әрі әдемі құпияға толы болсын, досым!» деп жазған.
Алайда, WSJ хаттың фотосын жарияламаған, тек редакция құжатты көргенін мәлімдеген.
Джеффри Эпштейн – кәмелетке толмағандарды зорлағаны және жезөкшелік желісін ұйымдастырғаны үшін сотталған америкалық миллиардер. Оның танымал саясаткерлер мен кәсіпкерлерге кәмелетке толмаған қыздарды «қамтамасыз еткені» туралы көптеген болжам бар.
Осы «клиенттер тізімінде» Трамптың есімі бұған дейін де бірнеше рет аталған. Алайда АҚШ президенті Эпштейннің қылмыстарына қатысы жоқ екенін үзілді-кесілді жоққа шығарады.
WSJ жарияланымынан кейін Ақ үй бұл ақпаратты «жалған және арандатушылық сипатта» деп бағалап отыр. Дональд Трамптың өзі бұл мақаланы беделін түсіруге бағытталған шабуыл деп есептейді.