Германияда жәрмеңкедегі жарылыстан 19 адам жарақат алды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Дюссельдорфтегі Rheinkirmes жәрмеңкесінде төтенше жағдай болды

Фото: Freepik.com

Германияның Дюссельдорф қаласында өтіп жатқан Rheinkirmes жәрмеңкесінде пиротехникалық жарылыс болып, 19 адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Bild басылымына сілтеме жасап.

Пиротехникалық ракета бағытын өзгертіп, адамдардың жанына жарылған

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, отшашу зымыранының бірі бағытын күрт өзгертіп, жерге жақын жерде, көрермендердің арасында жарылған. Жергілікті полиция бұл жағдайды кездейсоқ оқиға ретінде қарастырып отыр.

4 адам ауыр жарақатпен ауруханаға түсті

Оқиға салдарынан төрт адам ауыр жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Қалған 15 адам жеңіл жарақатпен медициналық көмек алды.

Rheinkirmes – Германиядағы ең ірі шаралардың бірі

Rheinkirmes жәрмеңкесі Рейн өзенінің жағасында өтетін Германиядағы ең ірі бұқаралық мәдени іс-шаралардың бірі саналады. Жыл сайын оған 4 миллионға дейін адам келеді.