Қоғамдық орында түсірілген бейнероликтер дау туғызды
Қазақстандық блогер Қытайда дау-дамайдың ортасында қалды. Ол Гуанчжоу қаласының метросында және көшелерінде түсірілген арандатушы бейнероликтер арқылы танымал болуға тырысқан. Бұл туралы қытайлық Sohu басылымы хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Бейнежазбаларда блогер қыз өзінің танысының қалтасынан телефон алып, оны бейтаныс адамдарға «ұсынып», кейін оларды ұрлық жасады деп айыптаған көрінеді. Сонымен қатар, көшеде бейтаныс адамдарға жақындап, олардың қолдарынан ұстағаны және рұқсатсыз тиіскені анықталған.
Қытайдың әлеуметтік желі қолданушылары блогердің әрекетін бейәдеп және заңға қайшы деп бағалап, қатты сынға алды. Қоғамдық тәртіпті бұзу фактісі бойынша жергілікті полиция тексеріс бастаған.
Қазіргі таңда блогер ешқандай ресми пікір білдірген жоқ.