Ол былапыт сөздер айтып, отбасының мазасын алған
Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында отбасылық жанжалға қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Іс құжаттарына сәйкес, Ы. айыппұл төлегеннен кейін әкімшілік құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталаған.
«Ол 2025 жылдың 16 маусымында сағат 23.30 шамасында үйінде жұбайы Ш-ға қарсы былапыт сөздер айтып, отбасының мазасын алып, отбасындағы адамдарды сыйламайтынын көрсеткен. Бұндай әрекетті ол бір жыл ішінде қайталаған», - деп жазылған соттың хабарламасында.
Азамат Ы.-ның құқыққа қайшы әрекеті өзінің кінәсін мойындауымен және басқа да іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденді.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 2-бөлігімен Ы. кінәлі деп танылып, 10 тәулік әкімшілік қамауға алынды.