$ 540.05  629.16  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанайда науқастың шабуылынан кейін жансақтау бөліміне түскен дәрігер Астанаға жіберілетін болды

Жағымсыз оқиға 17 шілде күні болды

Қостанайда науқастың шабуылынан кейін жансақтау бөліміне түскен дәрігер Астанаға жіберілетін болды
Фото: istockphoto.com

Костанай облыстық ауруханасының нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Евгений Ковалев науқастың шабуылынан кейін жансақтау бөліміне түскен дәрігердің жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Науқас 17 шілде күні басынан жарақат алып, ауыр жағдайда түсті. Компьютерлік томография арқылы миға тексеру жүргізілді. Томография нәтижесінде оң жақ жарты шардағы субдуралды кеңістікте қан кету, маңдай бөлігі полюстерінің соғылған жерлері және шүйде сүйегінің бойлай сынуы анықталды», – деді Евгений Ковалев.

Оның айтуынша, тексеруден кейін науқас жансақтау бөліміне жатқызылып, ем тағайындалған.

«Ем қабылдағаннан кейін науқастың жағдайы оң өзгеріспен, нашарлаусыз, бірқалыпты. Таңертең Астана қаласындағы әріптестермен телемедициналық кеңес өткізілді. Кеңес қорытындысы бойынша, науқасты әрі қарай тексеру және емдеу үшін Астана қаласына көшіру туралы шешім қабылданды», – деп толықтырды нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі.

Серіктес жаңалықтары