Вейп тасымалдаған азаматтар 6 айға сотталып, көліктері тәркіленді
Қаржы мониторингі агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мен Шекара қызметі бірлесіп, вейп өнімдерін заңсыз тасымалдау әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Ресей Федерациясынан келе жатқан екі жүк көлігі «Жайсан-автомобиль» шекаралық өткізу пунктінде ұсталды. Тексеру барысында заңмен тыйым салынған темекі өнімдерінің ірі партиясы анықталды, атап айтқанда:
Аталған факті бойынша ұсталған екі азаматқа қатысты сот үкімі шығарылып, олар 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, 26 миллион теңге тұратын заңсыз өнімдер тиелген көліктер тәркіленді.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Қазақстанда 2024 жылдан бастап вейп өнімдерін заңсыз сатуға, тасымалдауға және жарнамалауға тыйым салынған. Мұндай әрекеттер Қылмыстық және Әкімшілік кодекстермен қатаң жазаланады.