$ 540.18  628.93  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағандыда ер адам әйелін клиникаға әкеліп, дәрігерді аяусыз соққыға жықты

Қазір ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды

Қарағандыда ер адам әйелін клиникаға әкеліп, дәрігерді аяусыз соққыға жықты
Фото: istockphoto.com

Қарағанды қаласындағы жеке клиникалардың бірінде ер адам медицина қызметкерін аяусыз ұрып-соқты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Вечерняя Караганда» Telegram-арнасының хабарлауынша, оқиға жеке медициналық мекемеде болған. Ер адам әйелін емханаға алып келген. Алғашында бәрі қалыпты өткен, алайда артынша агрессия танытып, кабинет есігін теуіп сындырып, дәрігерді ұра бастаған. Салдарынан әйел дәрігердің саусақтары сынып, бас миы шайқалған және денесі біраз жері көгеріп қалған.

«Белгілі болғандай, 42 жастағы ер адам клиникаға жұбайымен бірге келген. Біраз уақыт өткен соң, белгісіз себеппен қызметтік бөлменің есігін сындырып, медицина қызметкеріне дене жарақатын келтірген. Күдікті психоневрологиялық орталыққа жеткізілді, дәрігерлердің бақылауында. Қазіргі таңда оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр», – деп мәлімдеді Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттікке берген түсініктемесінде.

Жекеменшік медицина мекемесінің дәрігеріне күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Істі тергеу Қарағанды облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Серіктес жаңалықтары