Жауапты компания себебін түсіндіріп берді
Egov электрондық үкіметтің сайты мен мобильді қосымша уақытша жұмыс істемейді. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметінің түсіндіруінше, бұл цифрлық сервистердің жоспарлы өшірілуімен байланысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Техникалық жұмыс 2025 жылғы 19 шілдеде сағат 02:00-ден 08:00-ге дейін жүргізіледі. Уақыт аралығы пайдаланушылар белсенділігі ең төмен кезеңге сәйкес таңдалды, бұл мүмкін қолайсыздықтарды азайту үшін жасалды», – делінген хабарламада.
Аталған кезеңде келесі цифрлық ресурстар мен жүйелер де жұмыс істемейді:
Компания өкілдері бұл жұмыстардың мақсаты – «ҰАТ» АҚ сүйемелдейтін бүкіл цифрлық экожүйенің тұрақтылығы мен сенімділігін арттыру. Қажетті операцияларды алдын ала аяқтауға және қажет жағдайда түпнұсқа құжаттарды дайындап қоюға кеңес берілді.