Қазақстанда 4 және 5 балалы отбасылар да көпбалалы отбасы болып саналады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қолданыстағы 6-дан аз баласы бар көпбалалы отбасылар мемлекеттік жәрдемақыдан айырылуы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бірқатар БАҚ, ақпараттық топтар мен әлеуметтік желі парақшаларында қолданыстағы заңнамаға сәйкес 6 және одан да көп балалы отбасылар ғана көпбалалы отбасы болып саналады деген жалған ақпараттар таралып жатыр», - деп жазылған хабарламада.
Министрлік қолданыстағы заңнамаға сәйкес 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары немесе бірге тұратын 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттері бар отбасына көпбалалы отбасы мәртебесі берілетінін еске салды. Мұндай отбасыларға табысына қарамастан ай сайынғы жәрдемақы төленеді.
Көпбалалы отбасыларға төленетін төлемдердің мөлшері балалардың санына байланысты сараланады және 2025 жылы:
Сонымен қатар 6 және одан да көп бала туып, тәрбиелеген, «Күміс алқа», «Алтын алқа» алқалары бар немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға мынадай мөлшерде ай сайынғы жәрдемақы төленеді:
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтардан тек ресми ақпарат көздерінен алынған ақпаратқа сенуге шақырып, жалған ақпарат таратқандар заң бойынша жауапкершілікке тартылатынын ескертті.