Ол 1,5 жыл бойы «несиелеріңізді мерзімінен бұрын жаптыруға көмектесемін» деп уәде берген
Қарағанды облысында 31 жастағы әйелге қатысты аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша тергеу аяқталуға жақын. Ол өзін Ұлттық банк қызметкері ретінде таныстырып, 200 млн теңгеге жуық қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, әйел адам бір жарым жыл бойы азаматтарға «несиелеріңізді мерзімінен бұрын жаптыруға көмектесемін» деп уәде берген. Алайда бұл уәделердің астарында алаяқтық схема тұрғаны анықталды.
Күдікті азаматтардың сеніміне кіріп, олардың атына екінші деңгейлі банктерден бірнеше несие рәсімдеген. Нәтижесінде 98 эпизод бойынша алаяқтық фактілері тіркеліп, жалпы келтірілген шығын көлемі 200 миллион теңгеден асқан.
Жедел-тергеу тобының үйлесімді жұмысының арқасында бұлтартпас айғақтар жиналып, қазіргі таңда іс сотқа жолдануға дайындалып жатыр. Күдіктіге қатысты үй қамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.
Полиция департаменті азаматтарға алаяқтықтан сақтану үшін келесідей кеңес береді:
Тәртіп сақшылары алаяқтықтың алдын алу үшін азаматтардың өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы және құқық қорғау органдарымен бірлесе әрекет етуі маңызды екенін ескертеді.