Борис Джонсон депутаттардан келесі аптада тағы дауыс беруді сұрады
Еуроодақ Британияда мерзімінен бұрын сайлау болады деген ниетпен Брексит уақытын шегергенімен, Қауым палатасы премьер-министр Борис Джонсонның сайлау өткізу туралы ұсынысын мақұлдамады, деп жазады ВВС
Премьер-министрдің 12 желтоқсан күні сайлау өткізу туралы ұсынысын 299 адам қолдаса, 70 адам қарсы дауыс берді.
Заң бойынша, егер мерзімінен бұрын сайлау парламент сенімсіздік білдіргеннен кейін жарияланса, оған Қауым палатасының, яғни, 434 депутаттың үштен екісі дауыс беруі керек.