Қазақстанда алдағы тамыз айында ауа райы қандай болады
Жыл өткен сайын жаз маусымында ыстық үдеп барады

«Қазгидромет» РМК тамыз айына арналған толық ауа райы болжамын Azattyq Rýhy тілшісіне ұсынды. Синоптиктердің мәліметінше, айдың жалпы фоны климаттық нормаға жақын болмақ.
Температуралық фон:
- Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы климаттық норма шегінде сақталады.
- Ал Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Жетісу облыстарының басым бөлігінде температура нормадан 1°С жоғары болады деп күтілуде.
Жауын-шашын мөлшері:
- Елдің көп бөлігінде жауын-шашын норма деңгейінде деп болжанып отыр.
- Ал Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар облыстарында, Қостанайдың солтүстігінде, Ақмола облысының солтүстік-шығысында және Қарағанды облысының қиыр шығысында – нормадан көп жауын-шашын болуы мүмкін.
Керісінше, Атырау облысында, Батыс Қазақстанның оңтүстігінде, Ақтөбенің оңтүстік-батысында және Маңғыстаудың солтүстігінде – нормадан аз жауын-шашын күтіледі.
Биылғы жаз былтырғыдан ыстық па?
«Қазгидромет» биылғы жаздың өткен жылдан ыстық болады деген арнайы болжам жасамаған. Алайда нақты деректерге сүйенсек, 2025 жылдың жаз айлары өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда біршама жылырақ болғаны байқалады.
Маусым 2025:
Елдің көп бөлігінде орташа айлық температура нормадан 1-3°С жоғары болды.
Маңғыстау мен Атыраудың батысында ғана нормаға қарағанда 1°С төмен температура тіркелді.
Маусым 2024:
Орташа температура республика бойынша нормадан 1-2°С жоғары болды.
Шілде 2025:
Көптеген өңірде нормаға сай температура байқалды.
Павлодар, Абай, ШҚО, Жетісу, Атырау және Алматы облыстарының жекелеген аудандарында нормадан 1-2°С жоғары болған.
Ақтөбе облысының кей бөліктерінде ғана нормаға қарағанда 1°С төмен тіркелді.
Тамыз 2025:
Жалпы, елдің басым бөлігінде температура норма шамасында, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың кей аймақтарында 1–2,9°С-қа дейін жоғары, солтүстік-батыста – 1-2°С-қа дейін төмен болды.