Абай облысы 2022 жылы құрылған болатын
Үкімет жаңадан құрылған Абай облысына жан-жақты қолдау көрсетеді. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Үкімет мүшелеріне айтатаным, Абай облысын қолдау керек. Жаңадан құрылған облыс. Республикалық бюджеттен жіберелетін қаражаттың көлемі жеткіліксіз. Оның бәрін ескертіп көбейту керек. Қолдау көрсету керек», – деді Үкімет басшысы.
Айта кетейік, 2022 жылғы 8 маусымда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 4 мамырдағы жарлығына сәйкес Абай облысы құрылған болатын.