Тұтынушылар құқығы туралы заңның бірнеше бабы бұзылған
Маңғыстау облысында тұтынушыға тегін жеткізу қызметі ұсынылғанына қарамастан, тамақ жеткізу үшін қосымша ақы сұралған. Бұл жағдайды облыстық сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті анықтап, жауапты тарапқа шара қолданды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Тұтынушы ірі көлемде тапсырыс рәсімдеген. Белгіленген шарттарға сәйкес, мұндай тапсырыстар тегін жеткізілуі тиіс болатын. Алайда оған ақылы жеткізу ұсынылған.
Орындаушы компания жеткізу тек қала аумағында ғана тегін екенін алға тартты, алайда тұтынушыға бұл шарт алдын ала ескертілмеген. Бұл талап ресми сайтта да, өзге цифрлық платформаларда да көрсетілмеген.
Департамент мәліметінше, тұтынушының мекенжайы қызмет көрсету аймағына кіретін. Соған қарамастан, жеткізу ақылы форматта ұсынылған.
Сонымен қатар, жеткізуші компания кәсіпкерлік субъектісі ретінде өз деректерін – БСН (БИН) және тіркеу нөмірін – тұтынушыға беруден бас тартқан. Бұл – тұтынушының ақпарат алуға деген заңды құқығын бұзумен қатар, шағым түсіру мүмкіндігін де шектейді.
Мамандардың айтуынша, бұл әрекеттер:
Аталған құқықбұзушылық үшін компанияға Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 190-бабының 1-бөлігі бойынша айыппұл салынды.
Заңды тұлғаларға арналған айыппұл көлемі 20-дан 50-ге дейінгі АЕК мөлшерінде белгіленеді, яғни 78 640 теңгеден 196 600 теңгеге дейін.