Қырағылық – алаяқтардан қорғанудың басты жолы
Солтүстік Қазақстан облысында полицей интернет-алаяқтардың арбауына түскелі тұрған зейнеткерді дер кезінде тоқтатып, ірі қаржылық шығыннан сақтап қалды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Петропавл қаласындағы ірі сауда үйлерінде банк терминалдары жиі орналасқан. Онда кезекшілік ететін полиция қызметкерлерінің басты міндеттерінің бірі – азаматтарды интернет-алаяқтардың құрбаны болудан қорғау.
Жуырда СҚО ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ (ЖҚАЖ) қызметкері кезекшілік кезінде терминал алдында абыржыған күйде телефон арқылы сөйлесіп тұрған егде жастағы ер адамды байқайды.
Полицей дереу әрекет етіп, өзін таныстырып, алаяқтық болуы мүмкін екенін ескертеді.
63 жастағы қала тұрғынына белгісіз адамдар хабарласып, өздерін банк қызметкерлеріміз деп таныстырған. Олар азаматтың атына несие рәсімделіп жатқанын, оны болдырмау үшін өзінің ақшасын «қауіпсіз шотқа» аудару қажет екенін айтқан.
ЖҚАЖ қызметкері дереу «102» нөміріне хабарласып, азаматқа мобильді банк қосымшасы арқылы шоттарын тексеруді ұсынады.
Нәтижесінде, зейнеткердің атына ешқандай несие рәсімделмегені анықталады. Оқиға орнына келген жедел тергеу тобы егде жастағы азаматпен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Полицейлер тұрғындарға мына жайтты үнемі еске салады: