Бұл вирустың тарау жылдамдығын арттыра алады
COVID-19 ауруын тудыратын SARS-CoV-2 вирусының жаңа мутациясы анықталды. Бұл өзгеріс вирустың таралу жылдамдығын арттыра алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі CNN-ге сілтеме жасап.
«Флоридадағы Ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары D614G деп аталатын жаңа мутацияны анықтады. Бұл вирус қабатының құрылымын өзгертіп, қылқандар санын арттырады. Осылайша бұл өзгеріс вирусты тұрақты етіп, ағзаға жылдам кіруіне атсалысады», - деп жазылған телеарна сайтында.
Ғалымдардың айтуынша, бұл өзгеріс вирустың ағзаға кіруін жылдамдата алады. Өз кезегінде бұл бүкіл әлемдегі пандемияға да әсер етеді.