Оқиға Шымкент – Самара трассасында болды
Түркістан облысында жол-патрульдік полиция қызметкерлері Меккеге велосипедпен сапар шеккен Өзбекстан азаматына жол үстінде көмек көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция аға лейтенанты Е.Қалыбаев пен полиция сержанты С.Кұрбанбаев Шымкент – Самара бағытындағы республикалық маңызы бар тасжолда патрульдеу кезінде жолаушының жағдайын сұрап, су ұсынып, дұрыс бағыт көрсетті.
Сапар шегіп бара жатқан азамат қамқорлығы мен қолдауы үшін полицейлерге ризашылығын білдіріп, қажылық жолын әрі қарай жалғастырды.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, жол үстіндегі қолдау мен көмек көрсету — полиция қызметінің ажырамас бөлігі.