Құтқарылғандардың ішінде ішінде 9 бала бар
Талдықорған қаласында 6-шағын ауданда орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы балконда өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға орнына шұғыл жеткен ТЖМ өрт сөндірушілері жанып жатқан балконнан газ баллонды қауіпсіз жерге шығарып, жарылыстың алдын алды.
Құтқарушылар үйден 15 адамды эвакуациялады, олардың ішінде 9 бала бар. Өрт қысқа мерзімде толықтай сөндірілді