15 маусымнан бастап Еуроодақта ішкі шекаралар ашылады

Автор: Azattyq Rýhy

Еуропа шекарасы үш айға жуық жабық болды

Фото: ашық дереккөзден

15 маусымнан бастап үш айға жуық жабық болған Еуропа шекарасы ашылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап. 

«Бельгия, Германия, Нидерланды, Франция, Швейцария және басқа мемлекеттер Еуроодақ ішіндегі, яғни,  Шенген аймағындағы ішкі шекараларын  ашады. Мемлекеттерге тек еуропалықтардың кіруіне рұқсат беріледі. Шенген аймағынан тыс елдер үшін шектеулер өзгеріссіз қалады», - деп жазады басылым.

Автордың хабарлауынша, Испания шекарасы тек 21 маусымда ашылады. Ал Еуроодақ елдері сыртқы шекараны 1 шілдеден бастап ашуы мүмкін.