Салымшылардың салған қаражат көлемі 5 000 теңгеден бастап 1 100 АҚШ долларына дейін жеткен
Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Matic Basket» жобасының қызметін тоқтатты. Жоба қаржы пирамидасы ретінде танылып, көптеген азаматты алдағаны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұйымдастырушылар өз жобаларын мынадай платформалар арқылы белсенді түрде жарнамалап, жұртты «Matic Basket» жобасына инвестиция салуға шақырған
Олар криптовалюта биржаларында майнинг пен трейдинг арқылы жоғары табыс табуға болады деп сендірген.
Салымшылардың салған қаражат көлемі 5 000 теңгеден бастап 1 100 АҚШ долларына дейін жеткен.
Алайда ешбір қатысушыға растайтын ресми құжат, келісімшарт немесе құқықтық кепілдік ұсынылмаған.
Жүйе пирамида тәсіліне негізделген: жаңа адамды тартқан қатысушыға әрбір операциядан 10% сыйақы берілетіні айтылған.
Қаржы пирамидасына Қазақстан мен ТМД елдерінің 1900-ден астам азаматы тартылып, жалпы сомасы 80 миллион теңгеден астам қаражат салғаны анықталды.
Қазіргі таңда басты күдіктіге қатысты елден шығуға тыйым салу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Тергеу жұмысы әлі де жалғасып жатыр.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.