Қыз 13 жаста
11 шілде күні Павлодар қаласының орталығында күндізгі уақытта әйел адам 13 жастағы мектеп оқушысына шабуыл жасаған. Куәгерлердің айтуынша, ол жасөспірімнің артынан келіп, шашынан тартып құлатып, дене жарақатын салған. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлеуметтік желіде тараған мәліметтерге сәйкес, шабуылға ұшыраған қыз бала 7 жасынан бері ем қабылдап жүрген. Дегенмен:
Оқиғаға қатысты Павлодар облысының полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы балалар құқығы жөніндегі уәкіл Сауле Шакенова түсініктеме берді.
«Кәмелетке толмаған қызға дене жарақатын салды деген күдікке ілінген әйелдің жеке басы анықталды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 109-1-бабы, 2-бөлігі бойынша іс қозғалды», – деді Сауле Шакенова.