Қалада ASTANA TRIATHLON half турнирі өтеді
Елорда тұрғындары мен қонақтары назарына: 13 шілде күні Астанада көлік қозғалысына шектеу қойылады. Бұл туралы қалалық әкімдік мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жексенбі, 13 шілде күні елордада халықаралық деңгейдегі ірі спорттық шара — ASTANA TRIATHLON half турнирі ұйымдастырылады. Триатлонға қатысушылар үш кезеңнен өтеді:
Жарыс Орталық саябақтан басталып, Илинка аумағында аяқталады.
Астана әкімдігінің мәліметінше, велосипед жарысы өтетін учаскелерде уақытша қозғалыс шектеледі. Төменде велокезеңнің нақты маршруты берілген:
Қала әкімдігі 13 шілде күні таңертеңнен бастап аталған бағыттарда қозғалысқа уақытша шектеу қойылатынын ескертеді. Бұл шектеулер велосипед жарысы қауіпсіз өтуі үшін қажет.
«Жолдарда уақытша шектеу болады, әсіресе веложарыс кезеңі өтетін учаскелерде», – делінген ресми хабарламада.