Құжаттарды 20 шілдеге дейін тапсыру қажет
Жоғары оқу орындарына түсуді жоспарлаған талапкерлер үшін маңызды кезең басталды. Елімізде 2025 жылғы мемлекеттік білім гранттарына өтінім қабылдау науқаны жүріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
13–20 шілде аралығында талапкерлер еліміздің кез келген аймағынан білім гранты байқауына қатысу үшін құжат тапсыра алады.
Грантқа өтініш беру үшін төмендегі құжаттар керек:
Грант байқауына қатысу және ақылы негізде оқуға түсу үшін ең төменгі ҰБТ баллдары:
Маңызды: Әр университет өз шекті баллын өздігінен белгілеуі мүмкін.
Білім министрлігінің мәліметінше, әлеуметтік осал топтар мен ауыл мектептерінің түлектеріне арнайы квоталар қарастырылған.
«Гранттық байқауға қатысуда мемлекет бекіткен квота ережелері сақталады. Бұл әсіресе ауыл жастары мен әлеуметтік қолдауды қажет ететін талапкерлер үшін үлкен мүмкіндік», – делінген министрлік хабарламасында.
2025 жылы «Цифрлық университет» қағидаты бойынша құжат тапсыру мен байқау үрдісі толық автоматтандырылған.
Мемлекеттік білім гранттарының иегерлері 10 тамызға дейін жарияланады. Ақпарат ресми дереккөздерде, соның ішінде egov.kz және жоғары оқу орындарының сайттарында қолжетімді болады.