$ 526.5  611.64  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

БҚО-да букмекерлерге бәс тіккені үшін 16 шенеунік қызметінен қуылды

Олардың біру шотына 34 миллион теңгеден астам қаржы аударған

БҚО-да букмекерлерге бәс тіккені үшін 16 шенеунік қызметінен қуылды
Фото: freepic.com

Орал қаласының прокуратурасы жүргізген тексеріс нәтижесінде 24 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 16 адам лауазымынан босатылды. Олар букмекерлік кеңселер арқылы заңсыз бәс тіккен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Антикоррупциялық нормаларға қайшы әрекет анықталды

2024 жылғы наурызда өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілердің бәс тігумен айналысуына қатаң тыйым салу қажеттігін мәлімдеген болатын. Осыған байланысты 2024 жылдың қыркүйегінен бастап шенеуніктердің букмекерлік кеңселер арқылы бәс тігуі заң бұзушылық болып есептеледі.

Алайда Орал қаласының прокуратурасы жүргізген мониторинг нәтижесінде:

  • Әкімдік қызметкерлері,
  • Мемлекеттік кірістер басқармасы өкілдері,
  • Полиция департаменті қызметкерлері бәс тігу әрекетін жалғастырғаны анықталды.

34 миллион теңгелік шот пен нақты шығындар

OLIMPBET букмекерлік компаниясының мәліметінше, акимат қызметкерлерінің бірі 2021 жылдан 2025 жылға дейін өз шотына 34 миллион теңгеден астам қаржы аударған. Оның 970 мың теңгеден астамын ұтылып қалған.

Айта кету керек, бәс тігуді тыйым салынғаннан кейін де жалғастырған. Нәтижесінде бұл қызметкер жұмыстан босатылды.

Құқық қорғау органдары қандай шара қолданды?

Орал қалалық прокуратурасы:

  • Әкімдікке
  • Мемлекеттік кірістер басқармасына
  • Полиция департаментіне ресми ұсыныстар жолдаған.

Тексеріс қорытындысы бойынша:

  • 24 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды
  • 16 шенеунік қызметтен босатылды.

Прокуратура мәлімдемесі

«Орал қаласының прокуратурасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, соның ішінде арнайы шектеулердің сақталуына жүйелі бақылауды жалғастырады», – делінген ресми хабарламада.

Бәс тігу мен мемлекеттік қызмет

Қазақстан заңнамасына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға, соның ішінде онлайн-букмекерлік платформалар арқылы бәс тігуге қатысуға тыйым салынған. Бұл талап – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу тетігі ретінде енгізілген.

Серіктес жаңалықтары