Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

15 маусым күні кей өңірлерде аптап ыстық болса, кей жерлерде қатты жел соғып, жаңбыр жауады

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның алты өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан секундына 15-18 метр жылдамдықпен жел соғады.

Қостанай облысында күн күркіреп, секундына 18 метрге дейін жел соғады.

Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Жел секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Күндіз оңтүстікте 40 градусқа дейін ыстық болады. Шаңды дауыл мен желдің екпіні секундына 19 метрге дейін жетеді.

Ақтөбе облысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. 

Маңғыстау облысында шаңды дауыл соғады. Күндіз өңірдің оңтүстігінде 42 градус ыстық болады.

Қарағанды облысында күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.