$ 526.5  611.64  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық: Павлодар облысында 2,5 мыңнан астам азамат жауапқа тартылды

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың көп бөлігі мас күйде жасалған

Тұрмыстық зорлық-зомбылық: Павлодар облысында 2,5 мыңнан астам азамат жауапқа тартылды
Фото: istockphoto.com

Павлодар облысында отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша нақты шаралар қабылданып жатыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық полиция департаментінің отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылықтармен күрес бөлімінің аға инспекторы Индира Жүсіпова мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жыл басынан бері 2,5 мыңнан астам азамат тұрмыстық салада жасаған құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

3 мыңға жуық қорғау ұйғарымы шығарылған

Зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында отбасындағы құқық бұзушылықтарға қатысты 3 мыңға жуық қорғау ұйғарымы қабылданған. Олардың 152-сі заң талаптарын орындамағаны үшін қосымша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, соттар полиция өтінішіне сәйкес 627 құқық бұзушыға арнайы талаптар қойған. Соның ішінде:

  • Алкогольдік ішімдіктерді тұтынуға тыйым салу – 622 адамға,
  • Психологиялық көмек алуға міндеттеу – 20 адамға қатысты.

Алкоголизм мен нашақорлықпен күрес: 183 адам емдеуге жіберілді

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың көп бөлігі мас күйде жасалатыны белгілі. Осыған байланысты алкоголь және нашақорлықтан зардап шегетіндерге қатысты 191 сот өтініші дайындалып, олардың 183-і қанағаттандырылған.

Сондай-ақ, алкоголь өнімін заңсыз сатқан 200-ден астам азамат жауапқа тартылған.

Зорлық-зомбылық құрбандарына көмек: сенім телефондары

Полиция қызметкерлері отбасындағы физикалық қана емес, моральдық және психологиялық зорлық-зомбылыққа да жол берілмейтінін ескертеді. Егер сіз немесе жақыныңыз осындай жағдайға тап болсаңыз, төмендегі нөмірлерге хабарласуға болады:

  • Төтенше жағдайлар бойынша – 102;
  • Балалар мен жастарға көмек көрсету Call-орталығы – 150;
  • Сенім телефоны – 8 (7182) 54-03-03;
  • Дағдарыс орталығы – 111.
Серіктес жаңалықтары