Кеңесте Алматы тау кластерін дамыту жобасы да қаралды
Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туризм саласына қатысты тапсырмаларының орындалу барысы жөнінде кеңес өткізді. Бұл туралы Azattyq Rýhy ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Кеңес барысында премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев пен Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың Алакөл жағалауындағы жағдай, сондай-ақ еліміздегі туристік аймақтардағы жазғы демалысты ұйымдастыру, инфрақұрылым, сервис және қауіпсіздік мәселелері бойынша баяндамалары тыңдалды.
Үкіметтің мәліметінше, президенттің сын-ескертпелерін жедел жою үшін Ермек Көшербаев пен Ербол Мырзабосынов өңірлерге жұмыс сапарымен барады.
«Нәтижесінде кемшіліктерге жол берген жауапты тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізіледі», – делінген ресми хабарламада.
Кеңесте Алматы тау кластерін дамыту жобасы да қаралды. Бұл жоба еліміздегі маңызды инвестициялық бастамалардың бірі ретінде атап өтілді.
Бастапқы кезеңде келесі инфрақұрылымдық жұмыстар жүргізіледі:
«Жоба шеңберінде жазғы туризм инфрақұрылымын дамыту, тұрақты даму қағидаттарын енгізу, қоршаған ортаны цифрлық бақылау, сондай-ақ инклюзивті туризмді қамтамасыз ету көзделген», – делінген Үкімет хабарламасында.
Еске салайық, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алакөл көлі маңындағы туристік инфрақұрылымның сапасына көңілі толмайтынын айтып, Үкіметке еліміздегі туристік бағыттарды жедел түрде ретке келтіруді тапсырған болатын.