$ 525.87  614.37  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Семей тұрғыны арзан пәтер аламын деп 2,5 млн теңгесінен айырылып қалды

Семей тұрғынына арзан пәтер уәде еткен танысы ақшамен бірге жоқ болды

Семей тұрғыны арзан пәтер аламын деп 2,5 млн теңгесінен айырылып қалды
Фото: istockphoto.com

Абай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Семей қаласының 35 жастағы кәсіпкері полицияға арызданған. Ол өзінің танысы арзан бағада пәтер алып беремін деп уәде бергенін, алайда ақшаны алған соң жоғалып кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Уәдесі көп, нәтижесі жоқ: 2,5 млн теңгені иемденіп кеткен

Тексеру барысында анықталғандай, 2024 жылғы қарашада Семей қаласының 41 жастағы тұрғыны тұрғын үйді төмен бағамен алып беремін деген сылтаумен жәбірленушіден 2 500 000 теңге алған. Бірақ уәде орындалмаған, ал ақша жеке қажеттіліктерге жұмсалған.

Күдікті ұсталып, тергеу басталды

Қазіргі уақытта криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді.

Аталған факті бойынша алаяқтық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары