$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.06.2020, 16:04
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда коронавирустан емделіп шыққандар да қан тапсырып жатыр

Бүгін - Дүниежүзілік донорлар күні

Нұр-Сұлтанда коронавирустан емделіп шыққандар да қан тапсырып жатыр

Елордалық қан орталығы «Дені сау әлем үшін қан тапсыру» үндеуімен халықаралық донорлар күнін атап өтті, деп хабарлайды «Хабар 24». Биыл карантин режиміне байланысты барлық іс-шара онлайн форматта жүргізілді.

«Ал донорлар санитарлық және гигиеналық талаптарды орындап, бұрынғыдай келіп қан тапсырды. Күніне орталыққа 120 шақты адам келеді. Карантин режимі енгізілгенде, донорлар саны 2 есе қысқарды. Сондай-ақ, коронавирус инфекциясын жұқтырып, емделіп шыққан азаматтар да плазма тапсырып жатыр. Бұл материал ауырып жатқандардың еміне керек», - делінген ақпаратта.

 Айта кетейік, халықаралық донорлар күнін 2005 жылы Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ассамблеясы бекітті. Оның басты мақсаты – бүкіл адамдардың назарын қан тапшылығы мәселесіне аудару және оларды донор болуға шақыру.

Серіктес жаңалықтары