Абай облысында 13 ауыл ішімдіктен толықтай бас тартты

Автор: Асыл Арман

Бұл ауылдарда алкоголь өнімін сату мен тұтынуға тыйым салынды

Фото: istockphoto.com

Абай облысының 13 ауылдық елді мекені алкоголь өнімдерін сатудан және тұтынудан толықтай бас тарту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Абай облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Бауыржан Садақбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында алдын алу шаралары іске асуда

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шаралар белсенді жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, қылмыстардың алдын алу мақсатында ауыл-аймақтарда алкоголь өнімдерін сату мен тұтынуға шектеу қойылуда», – деді Бауыржан Садақбаев.

Құқықбұзушылық деңгейі айтарлықтай төмендеді

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ауылдық жерлердегі құқықбұзушылық деңгейі едәуір төмендегені байқалады.