$ 525.87  614.37  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО-да бір айда 20 келіден астам есірткі тәркіленді

Есірткіге қатысты 41 құқықбұзушылық анықталды

ШҚО-да бір айда 20 келіден астам есірткі тәркіленді
Фото: freepik.com

Шығыс Қазақстан облысында 1 маусым мен 31 қазан аралығында өткізіліп жатқан «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық шарасы аясында есірткіге қатысты 41 құқықбұзушылық тіркелді. Бұл туралы ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Дәулет Жұмаділов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

20 келіден астам есірткі тәркіленді

Полицейлер 20 келіден астам түрлі есірткі заттарын тәркілеген. Олардың қатарында мефедрон және альфа-ПВП секілді аса қауіпті психобелсенді заттар бар. Есірткі заттарын «жасырын сату» жолымен таратқан күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Заңсыз фитолабораториялар жойылды

Тәртіп сақшылары тыйым салынған өсімдіктерді өсіруге арналған 4 фитолабораторияны анықтап, жойды.

«Профилактика жылы» аясындағы кешенді жұмыс

ҚР Ішкі істер министрінің бастамасымен жарияланған «Профилактика жылы» шеңберінде ШҚО-да 300-ден астам алдын алу іс-шарасы ұйымдастырылды. Бұл акциялар арқылы 71 мыңнан астам тұрғын қамтылды.

Серіктес жаңалықтары