$ 533.87  621.64  6.64
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда ауыл әкімдерінің корпусы 100 пайыз жаңартылды – Ерлан Қарин

17 облыста жалпы саны 2 969 әкім сайланды

Қазақстанда ауыл әкімдерінің корпусы 100 пайыз жаңартылды – Ерлан Қарин
Фото: instagram.com/erlankarin2019

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қазақстанда ауыл әкімдерін сайлау жұмысы қалай жүзеге асып жатқанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ерлан Қарин сөз басында бес жыл бұрын саяси реформалар аясында президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерін тікелей сайлау механизмін енгізу туралы бастама көтергенін еске салып өтті.

«Нәтижесінде, кейінгі жылдары ауыл әкімдерінің корпусы 100 пайыз жаңартылды. Барлық 17 облыста жалпы саны 2 969 әкім сайланды. Олардың 864-і – өзін-өзі ұсынған үміткерлер, ал 283-і – әйелдер. Жаңа әкімдердің басым бөлігі бұрын мемлекеттік қызметте жұмыс істемегенін айта кету керек. Халық сеніміне ие болған азаматтардың қатарында мұғалімдер, дәрігерлер, шаруалар, кәсіпкерлер, жергілікті кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарының басшылары бар. Бүгінде ауыл әкімдерінің орташа жасы – 44 жас. Сайлау нәтижесінде ауыл әкімдерінің корпусы жан-жақты жаңартылды», – дейді Ерлан Қарин.

Оның айтуынша, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру үдерісі жалғасып жатыр.

«Былтыр барлық өңірде 45 аудан әкімін сайлау пилоттық режимде өтті. Ал биылдан бастап қазіргі аудан мен облыстық маңызы бар қала әкімдерінің өкілеттіктері аяқталуына қарай сайлау тікелей дауыс беру арқылы өткізіледі.

Осылайша, Қазақстанда саяси реформаларды жүзеге асыру үдерісі жалғасып, мемлекеттік қызмет саласында түбегейлі өзгерістер жасалып жатыр», – деді ол.

Серіктес жаңалықтары