$ 525.87  614.37  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Екібастұзда той кортежінің жүргізушілері «экстремалды шоу» өткізді (ВИДЕО)

Көліктер бір колоннамен жүріп, қозғалысты тежеп, жол қауіпсіздігі талаптарын елемеген

Екібастұзда той кортежінің жүргізушілері «экстремалды шоу» өткізді (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Екібастұз қаласында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған үйлену той автокортежінің жүргізушілері жауапқ тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бейнебақылау камералары арқылы Стелла қаласы бағыты бойынша қозғалып бара жатқан көліктер колоннасынан бірнеше құқықбұзушылық анықталған. Жол-патрульдік қызмет мамандары бұл жағдайға дер кезінде назар аударып, шара қолданды. Сонымен қатар, ереже бұзушылықты кездейсоқ видеоға түсіріп алған және оған бей-жай қарамаған басқа жүргізушілер де полицияға шағымданған.

Той кортежі қауіп төндірді

Анықталғандай, колоннадағы көліктер үйлену тойына арналған автокортеж болған. Алайда олардың салтанатты жүрісі басқа жол қозғалысы қатысушыларына кедергі келтіріп, апатты жағдай туғызу қаупін арттырған.

Көліктер бір колоннамен жүріп, қозғалысты тежеп, жол қауіпсіздігі талаптарын елемеген.

15 әкімшілік хаттама толтырылды

Полиция тексерісінің нәтижесінде Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің бірнеше бабы бойынша 15 әкімшілік хаттама толтырылды. Құқықбұзушылықтар мыналарды қамтыды:

  • маневр жасау тәртібін бұзу;
  • қозғалыс кезінде терезеден денесін шығару;
  • қарсы қозғалыс жолағына шығу;
  • қауіпсіздік белдігін тақпау;
  • бұрылыс шамын жақпау;
  • міндетті сақтандыру полисінің болмауы.

Жауапқа тартылған көліктер

Құқық бұзған көліктер: Mercedes-Benz, Lexus 570 (brr 14), Toyota Prado және Toyota Camry.

Барлық жүргізуші анықталып, заң шеңберінде жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар жол қозғалысы ережелерін сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Полиция ескерту жасады

Полиция департаменті азаматтардың қауіпсіздігі басты назарда екенін ескертті. Жол қозғалысына қатысушы әрбір адам ережелерді бұлжытпай орындауы тиіс, себебі бір жүргізушінің жауапсыздығы басқалардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары