«Қазгидромет» төрт қаланың тұрғындарына ескерту жасады
Бұл қалаларда ауада ластаушы заттар неғұрлым көбірек шоғырланады

Синоптиктердің мәліметінше, 10 шілдеде еліміздің төрт қаласында атмосферада зиянды заттардың шоғырлануы күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл жағдай белгілі бір ауа райы факторларының үйлесуімен байланысты. Атап айтқанда, ластаушы қоспалар жерге жақын қабатта жинақталып, ауада ұзақ сақталады және таралмайды.
Қай қалаларда ҚМЖ күтіледі?
«Қазгидромет» РМК мәліметіне сүйенсек, 10 шілдеде келесі қалаларда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) қалыптасады:
- Орал;
- Атырау;
- Ақтөбе;
- Қостанай (түнгі уақытта).
ҚМЖ деген не және ол неге қауіпті?
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл келесі ауа райы құбылыстары:
- Тымық ауа;
- әлсіз жел;
- тұман;
- температуралық инверсия (жылы ауа қабатының суық қабаттың үстінде тұрып қалуы),
Мұндай жағдайларда ауадағы зиянды заттар таралмай, ұзақ уақыт бойы бір орында сақталады. Бұл, әсіресе, тығыз салынған қалалар мен өндірістік аймақтарда ауа сапасының күрт нашарлауына әкелуі мүмкін.
Не істеу керек?
Ауа сапасы нашарлаған кезде мыналарды ұстанған жөн:
- Мүмкіндігінше үйден шықпау;
- Терезе, есіктерді жабық ұстау;
- Маска пайдалану (әсіресе тыныс жолы ауруы барларға).