Ол жұртты алдап, бірнеше млн теңгесінен айырылды
Ақмола облысында ер адам азаматтарды тауарлық несиелерді қолма-қол ақшаға айналдырып беремін деп алдап, ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
ІІМ мәліметінше, 2024 жылғы мамырда Қосшы қаласының ерлі-зайыптысы алаяқтың құрбаны болды.
Күдікті интернетте банктерден тауарға несие алған адамдарға көмектесемін деген жарнамалар жариялап отырған.
«Күдікті азамат клиенттерге смартфон секілді тауарларға несие рәсімдеуді ұсынып, оны кейін өзі сатып, ақшасын комиссиясынан ұстап қайтарамын деп сендірген. Алайда, клиенттерден SMS-кодты алған соң, техника дүкендерінен тауарды өзі алып, сатқан. Бірақ түскен қаржыны қайтармаған», – делінген ІІМ хабарламасында.
Нәтижесінде Қосшы қаласында ерлі-зайыпты 4 смартфон арқылы рәсімделген несиелер үшін шамамен 2 миллион теңге шығынға ұшырады. Ақшаның қайтарылмағанын түсінген соң олар полицияға жүгінген.
Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, күдіктінің осындай алаяқтық әрекеттерді басқа азаматтарға да жасағаны анықталған.
Аталған дерек бойынша екі немесе одан да көп адамға қатысты ақпараттық жүйелерді пайдаланып жасалған алаяқтық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция жеке мәліметтер мен SMS растау кодтарын үшінші тұлғаларға берудің қауіпті екенін ескертеді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша: