Қазір автобус жүргізушісінің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында 8 шілде күні сағат 17:30 шамасында жол-көлік оқиғасы болып, 10 жасар қыз бала мерт болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Алдын ала мәлімет бойынша, Ақтау – Маңғыстау бағыты бойынша жүріп бара жатқан автобус жолда келе жатқан қыз баланы қағып кеткен. Өкінішке қарай, бала алған жарақаттарынан сол жерде қаза тапты.
«Аталған факті бойынша автобус жүргізушісіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша (көлік құралын жүргізу ережесін бұзу салдарынан адам өліміне әкелу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.
Қазіргі уақытта автобус арнайы айыптұраққа қойылды. Оқиғаның мән-жайы мен нақты себептері тергеу барысында анықталады.