Күдікті ер адам қолға түсті
Астанада 47 жастағы әйел полицияға шағымданып, бұрынғы танысы өзін зорлағанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желідегі мәліметке сүйенсек, оқиға 2025 жылдың 8 шілдесі күні кешкі уақытта болған. Күдікті мен жәбірленуші бұрын жақын қарым-қатынаста болған.
Әйелдің айтуынша, сол күні бірге отырып ішімдік ішкен, кейіннен қызғаныштың әсерінен танысы өзін ұрып-соғып, зорлаған.
Редакция тілшісі осы мәселеге қатысты қалалық Полиция департаментіне жүгінді.
«Елордада 47 жастағы әйелдің арызы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Арыз иесінің танысы болып саналатын ер адам анықталып, полицияға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде», - делінген агенттік тілшісіне берген жауабында.