Белгілі балуан індет жұқтырғанын бір апта бұрын білген
Семейде COVID 19 диагнозымен қаладағы колледждердің екі директоры инфекциялық ауруханаға түсті деп хабарлайды әкімдік әлеуметтік желідегі парақшасында.
«Электротехникалық колледждің директоры Азат Сарпеков және Семей көлік колледжінің директоры, Қазақстанның үш дүркін әлем чемпионы және турнирдің екі дүркін жеңімпазы «Әлем» барысы Айбек Нұғымаров ауруханада жатыр», - деп жазады ресми парақша.
Айта кетейік, ШҚО да бүгінде 252 адам коронавирус жұқтырған. Олардың жартысынан көбі Семей қаласында. Өңірде карантин 1 шілдеге дейін ұзартылды.