Атырау мен Қарағанды облыстарында екі күн ішінде төрт бала суға кетті

Автор: Асыл Арман

Кәмелетке толмаған балалар рұқсат етілмеген жерлерде шомылып, қайғылы жағдайға ұшырады

Фото: istockphoto.com

Екі тәулік ішінде Атырау мен Қарағанды облыстарында төрт жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Атырау облысында екі жасөспірім көз жұмды

7 шілде күні Атырау облысының Махамбет ауданына қарасты Сарытоғай ауылының маңында шомылып жүрген екі жасөспірім (2011 жылы туған) суға кеткен. Бұл туралы «Ақ Жайық» басылымы жазды.

  • Бір баланың денесі сол күні табылды;
  • Екіншісінің мәйіті 8 шілде күні таңертең табылды.

Қарағанды облысында да екі бала батып кетті

8 шілде күні Қарағанды облысының Шет ауданында, Кызылқой ауылындағы көлде екі бала суға кетті. Бұл туралы ekaraganda.kz сайты хабарлайды.

Қайтыс болған балалардың бірі 2007 жылы, екіншісі 2015 жылы туған. Олар рұқсат етілмеген жерде шомылып жүрген.

Мамандар ата-аналарға ескерту жасайды

Жыл сайын шомылу маусымында балалардың қатысуымен болатын суға кету фактілері қайталануда. Құтқарушылар мен мамандар ата-аналарға мынандай кеңес беріледі:

  • Балалардың су айдындарына жеке баруына жол бермеу;
  • Рұқсат етілмеген жерлерде шомылмау;
  • Шомылу кезінде қатаң бақылау жасау;
  • Қауіпсіздік ережелерін үнемі түсіндіріп отыру.