Өскеменнің орталығында алапат өрт болды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Өрттің жалпы аумағы 2450 шаршы метрге жетті

Фото: ШҚО ТЖД

Өскемен қаласындағы Лихарев көшесінде орналасқан бір қабатты ғимараттан өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт жоғары шақырту деңгейі бойынша сөндірілді

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндіру тобы оқиға орнына жоғарылатылған шақырту деңгейімен жіберілген.

«Өртті сөндіру жұмыстары күшті түтін, жоғары температура және от жүктемесінің көптігімен күрделене түсуде», – делінген ресми хабарламада.

Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ

Өрт толығымен 2450 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.