Қоғамдық орында әдепсіздік танытқан азаматтың кім екені анықталып жатыр
Көкшетау қаласында қала тұрғындарының бірі көпір астында бейәдеп әрекет жасап жатқан ер адамды видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлеуметтік желі қолданушыларының айтуынша, оқиға қаладағы элеватор ауданына жақын маңда тіркелген. Видео жұрт арасында үлкен резонанс тудырып, полиция назарына іліккен.
Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі:
«Қазіргі уақытта құқық бұзушының жеке басын анықтау бойынша шаралар жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді.