Атырауда өзенге батып кеткен жігіт іздестіріліп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Ол арнайы жабдықталмаған жерде суға түскен

Фото: ашық дереккөзден

Атырауда Жайық өзеніне батып кеткен жігіт табылмай жатыр, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«13 маусымда Жайық өзенінің Геолог кенті тұсындағы жағалауында 27 жастағы жігіт суға батып кеткен. Ол достарымен бірге өзен жағалауында демалған. Бірақ, арнайы жабдықталмаған жерде суға түскен», - деп жазылған хабарламада.

Өкінішке қарай, әзірге іздестіру жұмысы нәтиже берген жоқ