$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.06.2020, 04:40
Жаңалықтар

Электронды үкіметтің бірқатар жобасы уақытша істемейді

Бірнеше жоба жаңартылып жатыр

Электронды үкіметтің бірқатар жобасы уақытша істемейді
Фото: ашық дереккөзден

Электронды үкіметтің бірқатар жобалары жаңартылатындықтан, уақытша істемейді, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі Ұлттық ақпараттық технологиялар компаниясына сілтеме жасап. 

«Жобалар бойынша жаңартулардың өткізілуіне байланысты бүгінгі сағат 21:00-ден бастап келесі күнгі сағат 07:00-ге дейін төмендегі жобалардың қол жетімсіз/қысқа мерзімді қол жетімсіз болуы мүмкін екендігін хабарлаймыз», - делінген хабарламада.

Олардың қатарында төмендегілер бар:

1) ЭҮШ (Электрондық үкіметтің шлюзі);

2) Жеке тұлғалар МДБ;

3) Заңды тұлғалар МДБ;

4) Техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі;

5) «Е-нотариат»;

6) Мобильді үкімет;

7) Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы (ҚР ҰКО);

8)Электронды үкімет порталы;

9) «Монополист» базасы СБӨ;

10) «Тахограф» СБӨ;

11) «Кәсіпкерлер субъектілерінің реестрі» СБӨ;

12) Үкіметтік емес ұйымдар ДБ СБӨ;

13) Ақпарат жинауға арналған робот СБӨ.

Серіктес жаңалықтары