Бұл ақшаға өңірдің 28 елді мекені таза ауызсумен қамтылады
Ақмола облысында су тарту инфрақұрылымын дамытуға 21,5 млрд теңге бағытталды. Бұл қаражат қайтарылған активтер есебінен құрылған Арнайы мемлекеттік қордан бөлінген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қазіргі таңда өңірде 28 жоба жүзеге асып жатыр. Оның ішінде су жүйесін жаңарту мен жаңаларын салу жұмыстары Зеренді ауданында қарқынды жүруде.
Зеренді ауданындағы:
«Өркен ауылында (1000-нан аса тұрғын тұрады) ұзындығы 6 шақырым болатын су құбыры салынып жатыр. Жобаның құны – 583 млн теңге», – делінген ресми хабарламада.
Бұдан бөлек, облыстың 9 ауданында жаңа су көздерін салу және қолданыстағы жүйелерді реконструкциялау үшін 2,3 млрд теңгеден астам қаржы бағытталған. Барлық нысан 2025 жылдың соңына дейін іске қосылады деп жоспарланған.
Сандықтау ауданында жалпы ұзындығы 22,3 шақырымдық топтық су құбыры салынып жатыр. Бұл жобаға Арнайы қордан 200 млн теңге бөлінген.
Сондай-ақ:
Қазіргі деректер бойынша: