Теңіз кенішінде карантин 26 маусымға дейін ұзартылды

Автор: Azattyq Rýhy

Кен орнындағы өндіріс процесі тоқтамайды

Фото: ашық дереккөзден

Теңіз кенішінде карантин 26 маусымға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Атырау облысы Жылыой ауданының бас санитар дәрігерінің қаулысында кен орнындағы өндіріс процесі тоқтамайтыны айтылған.

«Кен орнына кіретін жұмысшылар тізімі жасалады. Вахта басталардан бес күн бұрын олар тест тапсырып, өзін оқшаулауы керек. Олар анализдің нәтижесі теріс болған жағдайда ғана алтыншы күні жұмыс істеуге рұқсат алады», - делінген қаулыда.

Теңізден сыртқа шыққан кезде де осындай алгоритм қолданылады. 

Айта кету керек, Атырау облысында инфекция анықталды, олардың 897-сі сауығып шықты.