Қазақстандық әнші Amre «Интервидение-2025» байқауына қатысатын болды
Ресми ақпаратты Ресей елшілігі жариялады

Мәскеуде өтетін «Интервидение-2025» халықаралық ән байқауында Қазақстан атынан танымал әнші Amre (шын аты-жөні – Ернар Садырбаев) қатысатын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ресми ақпаратты Ресей елшілігі жариялады
Әншінің байқауға қатысатыны туралы ресми ақпарат 4 шілдеде белгілі болды. Бұл туралы Қазақстандағы Ресей елшілігі өзінің Instagram парақшасында хабарлады.
«Ернар Садырбаев – Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі, халықаралық фестивальдер мен конкурстардың лауреаты. Amre поп, поп-классика, латино және R&B бағыттарында ән айтады. 2021 жылы Ернар Садырбаев Қазақстандағы «Маска» тележобасына қатысты. Бұл шоудан кейін көрермендер оны бүркіт бейнесі арқылы жақсы көріп кетті», – делінген жазбада.
Amre – «Голос» жобасының қатысушысы
Жазбада Amre-нің ресейлік «Голос» жобасына қатысқаны да ерекше атап өтілген. Онда ол «Интервидение-2025» байқауының ресми елшісі саналатын Дима Биланның командасында өнер көрсеткен.